Ер – азаматтар, сіздердің қызғаныштарыңыз қайда?!
Ер – азаматтар, сіздердің қызғаныштарыңыз қайда?!

Бұл дүниеде бәріне, ақыретте тек иман еткендерге Мейірім шапағатын төгетін Ұлы Құдірет Иесі Алланың атымен! Бүгін сіздерге Пайғамбарымыз, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын ие болған, және иманның жартысы болып саналған қасиет турасында айтқым келіп отыр. Бұл қасиет «әл-ғира», яғни қызғаныш деп аталады. Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Қызғаныш – ол иманнан, ал бейқамдық – екіжүзділіктен» (Байхаки, Баззар). Екіжүзділіктің белгісіне азаматтардың өз отбасына немқұрайлы қарағандары жатады, қызғаныш сезімінің жоқтығы, ал егер адам баласы қажетті әрі орынды қызғанышын көрсетсе, ол иманның белгісі болып есептеледі. Қызғаныш ең керемет қасиет болып табылады. Бірде Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Саъд бин Убадатты қызғанышы үшін мақтады.

Сахих хадисте: «Саъд бин Убадат, Алла Елшісінен, (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сұрады: «Уа, Алланың Елшісі, егер мен әйелімнің жанынан бөгде азаматты көрсем, төрт күәгерді таппайынша, оған тиісуіме болмайды ма?» Пайғамбарымыз: «Иә, болмайды» - деді. Сонда Саъд: «Сені ақиқатпен Жібергенмен ант етемін! Мен ол күәгерлердің табылғанына дейін шыдамым жетпейді» - деп айқайлады. Кейін Пайғамбарымыз, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Саъдтың айтқанына құлақ асыңдар, анығында ол өте қызғаншақ, ал мен одан өткен қызғаншақпын, ал Алла менен де қатты қызғанады» - деді» («Сахих» Муслим).

Басқа риуаятта, Пайғамбарымыз айтты: «Сонда сендер Саъдтың қызғаншағына таңқалып тұрсыңдар ма? Мен Саъдттан да қызғаншықпын, ал Алла менен де қатты қызғанады» (Бұхари).

Құрметті бауырлар, мұсылман ер үшін қызғаныш өте қажетті сипат! Мысал ретінде хайуандарды алайық. Барлық хайуандарда қызғаныш сезімі бар, тек доңыздан басқасында.

Имам Құртуби өз кітабында бір ғалымның ойын келтіреді, доңыздың етін жемеудің бірден бір себебі, оның бойында қызғаныштың жоқтығы. Доңыздың етін жегеннің өз әйеліне, анасына, әпке – қарындастарына деген қызғаныш сезімі жойылатындығын айтыпты. Сұрақ туындауы мумкін, Аллаһ қалай қызғанады деген?

Хадистерде айтылады:

«Анығында, Жаратушы Аллаһ қызғанады. Егер Оның мұсылман құлы, Оның тыйған (харам) нәрсесін қалайтын болса, Ол қызғанады» (Бұхари, Неке, 107; Муслим, Тәуба, 36. Жеке қар. Тирмизи, Рада, 14/1168; Ахмад, II, 519, 536, 539).

Яғни, бізге тыйым салынған нәрсені мейлі ол зина, ұрлық, адам өлтіру немесе басқа күнә болсын, жасайтын болсақ, Аллаһ қызғанады (яғни Өз құлы тыйым салынған (харам), заңсыз әрекеттерді істеп, тиісті сөздерді айтып, күпірлікке түсіп, үмітін үзсе Раббысы оған наразы болады деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, Оның шексіз Мейрімділігі құлының тура жолды тауып, бақытты болып, Өзіне жақындағанын қалайды).

Абу Хұрайрадан жеткізілген сахих хадисте айтылады, Алла Елшісінің былай дегені: «Ұйықтап жатқанымда, түс көрдім, түсімде Жәннатта жүр екенмін. Сарайдың жанында дәрет алып тұрған хор қызын көрдім. «Мына сарай (мен хор қызы) кімге деп сұрадым». Жәннат тұрғындары: «Омарға деді», кейін менің есіме Омардың қызғаншақтығы түсіп кетіп, дереу теріс қарадым (ана әйелді көрмеуім үшін және ол да мені көрмес үшін). Кейіннен бұны естіген Омар, жылап жіберіп, былай деді: «Мен өзіңе қатысты қызғанышымды білдіреді дейсің ба?»

Ал біздің хәліміз қандай, бауырлар? Ағайынды қарындасымызды, курстас қызымызды, әйеліміздің досын кездестіріп, емін–еркін араласып, амандасып жүре береміз, ешқандай да қызғаныш жоқ, кінә сезімі де жоқ. Жігіттер бөтен қыздармен амандаса береді, ол кім деп сұрасаң, ол оған кім болып келеді десең, ол: «Курстасым», «Көршім», «Досымның әйелі» деп, еш қымсынбастан, жайбарақат сөйлесіп, араласып жүре береді. Кейбіреулері оларға жаман ниетім жоқ деп ақталып жатады, алайда бұл бәрібір де тыйым салынған нәрсе. Біз үшін ең керемет үлгі иесі бар, сондықтан оның ізінен жүруіміз керек – ол Пайғамбарымыздың жасағаны, ол Жанатта Омардың болашақ жарын көріп, оның қызғанышы есіне түсе салысымен дереу, теріс қарады.

Умму Сәламаның жеткізген хадисінде:

«Мен және Маймунат екеуміз Алла Елшісінің қасында едік, бір кезде бізге Умму Мәктум келді, ол Пайғамбардың бізді перде артына жасырынып қалғанымыздан соң, берген рұқсатынан кейін кірді. Пайғамбар: «Одан жасырыныңдар» - деді, мен сұрадым: «Уа, Алланың Елшісі, ол соқыр емес пе, бізді көрмейді де, танымайды да?» Пайғамбар: «Ал сендер оны көрмейтін соқырсыңдар ма?» - деп жауап берді» (Тирмизи).

Айша да өзіне соқыр сахабалар сұрақтарымен келген кезде, жасырынып (перденің артында тұрып), оларға жауап беретін. «Ол саған қарамайды ғой (көрмейді) дегендерге, оның жауабы: «Алайда мен оны көремін ғой» - болды» (Мууатаъ).

Сонымен қатар, Абу Умамадан жеткен хадисте:

Бірде бір жас жігіт Пайғамбарға келіп: «Маған зина жасауға рұқсат бер» - дейді. Жанындағылар оған айқайлай бастады, бірақ Пайғамбарымыз оған: «Жақынырақ келші» - деді, жас жігіт жанына келіп отырды. Сонда одан Пайғамбар сұрады: «Осыны өз анаңа қалар ма едің?»- деп. Ол: «Садақаң болайын, жоқ!» - деді, Пайғамбар: «Сол сияқты адамдар да өз анасына бұны қаламайды. Өз қызыңа қалар ма едің бұны?» - деді. Ол болса: «Садақаң болайын, жоқ!» - деді тағы. Пайғамбар: «Сол сияқты адамдар да өз қыздарына қаламайды. Өз әпке – қарындасыңа қалаймысың?» - деп сұрады. Ол: «Садақаң болайын, жоқ!» - деді, Пайғамбарымыз: «Сол сияқты адамдар да өз әпке – қарындастарына қаламайды». Кейін Алла Елшісі, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын өз қолын жігіттің кеудесіне қойып: «Уа, Раббым! Оның күнәларын кешіріп, жүрегін тазарта гөр және жыныс мүшесін сақтай гөр!» - деп дұға қылады. Одан кейін ол жігіт үшін, зинадан асқан жиеркенішті нәрсе болмады. (Ахмад).

Қазіргі таңда жас жігіттердің көбі қыздарды алдап, оларға үйленемін деп жүріп, бірге қыдырып, бірге күнәлі істі жасап, кейін оларды тастап кетіп жатыр. Сондықтан, арамызда кімде – кім бөтен қызбен арам байланысқа бармас бұрын, өзіне осы сұрақты қойсын: өзінің жақындары қыздарына, анасына, әпкесіне осыны қалар ма еді деген? Бұл харам іс. Ойланыңыздар!

Ең сорақысы, ері әйелінің әлеуметтік желілерде отырып, өзге ерлермен жазысып отыруын білуі. Немесе оның әйелі мысалға әскери бөлімшеде жұмыс істеп, бір тәулік амалсыз кезекшілікте тұрып, екі күн үйде болса. Күйеулері де, ұлдары да бұған тыныш қана қарап, өздерін парасатты адам санап, елге шығып жүрген жәйыттары бар. Субхан Аллах, бауырым, сен қалай өзіңді ер азамат санайсың, егер бүгін үйде әйелің отырмаса? Ол қайда түнейді? Ол кезекшілікте.

Алла Елшісі, (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Үш адам Жаннатқа кірмейді! Ата – анасын тыңдамағандар; даюс; және ер адамға ұқсаған әйелдер!» Даюс – дегеніміз, өз әйелдерінің арсыздыққа баратынын білетін немесе сезіктенетін, алайда оған тиісті шара қолданбайтын ерлерді айтады. Олар өзінің әпке – қарындасының біреумен жазысып отыратынын біліп, қызына бөтен машина келіп, оны кедесуге алып кететінін біліп, түк болмағандай отыра беретіндер.

Имам Захаби осы хадистан кейін өзінің «әл-Кабаир» атты кітабында 89 бетіне былай деп жазады:

«Біреулер бар өзінің әйелінің арсыздықпен айналысып жүргенін сезіктеніп, алайда оның бұл ісін, оған деген зор махаббаттан, немесе әйелінің алдындағы өзінің өтей алмайтын қаразынан, немесе төленбеген үлкен махры үшін, немесе арадағы кішкентай балалары үшін байқамауға тырысып жүргендер... Қызғанбағанда қайыр жоқ». Көптеген жағдайлар болды, кімнің – кіммен сөйлесетіні белгілі болған. Күйеулеріне айтамыз: «Сенің әйелің пәленшемен кездесетінін мойындапты, онымен жазысып, кездесіп тұрады екен» - деп, сондағы күйеуінің жауабы: «Біздің кішкентай сәбиіміз бар, енді немене қазір отбасымды бұзам ба?» - деген. Субхан Алла!

Хазреті Әли, Алла оған разы болсын, айтты: «Сендер сонда ұялмайсыңдар ма, сендер сонда қызғанбайсыңдар ма? Әйелдіріңді өзге ерлердің арасына жіберіп қоясыңдар, ал әйелдерің оларға қарайды, олар әйелдеріңе қарайды. Алла қызғанышы жоқты қор етсін!» («Джауахыр-үл Имания», 228 бет). Оның үстіне жабылмай шығады, ал ерінің бұнымен ісі жоқ, ол оған: «Мен әйеліме сенемін, ол артық нәрсе жасамайды». Субхан Аллах, қалайша жасамайды, ол өз әуретін ашық қалдырып, жасап отырған жоқ па? Мен ин ша Аллах осы үндеудің пайдасы болар деп үміттенемін, және өз әйелдеріне, қыздарына, әпке – қарындастарына немқұрайлы қараған жандар, ойланып, ол кісілерге назар аударар. Және бүгінде бөтен әйелдермен сөз жарастырып жүрген ерлер білсін, мейлі ол тұрмыста болсын, мейлі болмасын, қандай абыройлы болмасын, оның қанша бауырлары болмасын, ертеңгі күні оның қарындасына, анасына, әйеліне дәл солай жасалары хақ.

Tamshy.kz сайтынан

ЛяззатЛяззат
10 лет назад 10224
2 комментария
  • ой саларлық дүние екен, алла разы болсын
    10 лет назад
  • Ақылды адам қызғанады. Қызғанғанда да орнымен қызғанады. Дүниені емес, өзіңе жақын адамдарды қатты қызғанған дұрыс.
    10 лет назад
О блоге
0
811 3 11 0 7