Қара көзді бала
Қара көзді бала

 

Солтүстік Американың бір штатындағы бір мектептің оқушылары өзара тақпақ, өлең айтып достарымен бөліседі. Араларындағы бір бала жатқа білетін өлеңін айтады. Бұны тыңдаған достарының қатты әсерленгендіктері соншалық, сабақ біткен соң әлгі айтқан ырғақты өлеңін қайталап айтуын сұрайды. Ертеңіне сыныптастары тағы да осы өлеңді айтуын өтінеді. Бұл жағдай күн сайын қайталанады. Балалар бұл өлеңнен қатты әсерленіп, бір апта бойы жылай бергендіктен көздері ісіп кетеді. Әр күні үйіне жылап, көздері ісіп келетіндерін көрген ата-аналары, балаларға қандай мәміле жасалатынын анықтау үшін мектепке барады. Мектеп оқытушылары да бұл жағдайдың себебін анықтау үшін сыныптағы камераларға жазылған таспаларды тексеріп қарайды. Таспаларға қараса, балалар әр күні сабақтан соң әлгі баланың айналасына жиналып, өлең айтқызады екен. Әсем даусымен өлең айтуды бастауымен-ақ оқушылар жылай бастайды. Тыңдап болған соң өлеңді қайта-қайта айтқызып, жүздерін қолдарымен жауып, жылап отырады. Оқушылардың не үшін жылап жатқанын анықтау үшін өлең айтып жүрген баланың анасы мектепке шақырылады. Оқытушылар болған жағдайды анасына түсіндіреді. Бұл жағдайды естіген анасы таң қалады. Оқытушылар: «Ұлыңыз өз тілінде бірдеңелер айтып жатыр. Біз не болып жатқанын түсіне алмай жатырмыз. Балаларды ренжітпей бұл жағдайды шешу үшін сіздің көмегіңіз қажет»- деп, анасына камерада жазылған бейнетаспаны көрсетеді. Анасы бейнетаспадан ұлының көз жастарымен елжіреп тыңдап отырған достарына жатқа білетін «Ихлас» сүресін оқып жатқанын көреді.

     

ЛяззатЛяззат
10 лет назад 3911
1 комментарий
О блоге
0
811 3 11 0 7